Давидович Симашконың туғанына 100 жыл

Наурыздың 18-і Қазақстанның орыс жазушысы, аудармашы, Орта Азия және Ресей тарихы тақырыптарында көптеген еңбектердің авторы, киносценарист Морис Давидович Симашконың туғанына 100 жыл толды... Ол өте ерекше, дарынды тұлға еді. Ол өмірді оның барлық көріністерімен жақсы көрді. Ол бізге оны сүюді өсиет етті... Морис Симашко – Мемлекеттік сыйлықтың және Қазақстан Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты. Нобель сыйлығына үміткер, Абай атындағы әдеби сыйлықтың иегері. 20-дан астам кітаптың авторы, орасан зор тиражбен басылып, 40 тілге аударылған, Орталық Азиядағы тарихи роман мектебінің негізін қалаушы. Мысалы: «Қара құм ертегілері», «Қызыл құм ертегілері», «Кавад патша шежіресі», «Гу-га» повесі, «Маздақ», «Комиссар Жангелдин», «Дәбірдің өтеуі» романдары», «Қоңырау», «Семирамида» және т.б. Симашконың шығармасы мен сценарийлері бойынша «Даш-Қаладағы оқиға», «Қара құмда», «Сынықтар – бақыттан бөлінген» фильмдері түсірілді.

18 наурыз күні Тайынша колледжі кітапханасының оқу залында колледж кітапханашысы әдеби сағат өткізіп, портреттік көрме ұйымдастырып, М.Симашконың өмірі мен шығармашылығына, сонымен қатар оның шығармаларына арналған кітаптар ұсынылды. Көрмеге қойылған барлық кітаптар колледж кітапханасының қорында.

20.03.2024
Қаралым саны: 167
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области