Қысқы сессия кезеңінде "Таза сессия"сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты-студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік.
"Таза сессия" бастамашыларының басты мақсаты — білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың не екенін және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіру.
"Таза сессия" акциясы аясында колледжде білім беру ортасындағы бейресми қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар іске асырылды.
25.12.2023
Қаралым саны: 238
Қаралым саны: 238






