«Оқитын колледж»

«Оқитын колледж» жобасын жүзеге асыру аясында 19 қазан күні «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 1 курс 12 топ студенттері топ жетекшісі Г.Т.Ермуханова мен колледж кітапханасында болды. Экскурсияның мақсаты: оқушыларды кітапханаға жүйелі түрде келуге баулу, кітапхананы пайдалану ережелерін үйрету, жаңа технологияларды көрсету арқылы студенттерді кітапханаға келуге қызықтыру. Кітапханашы А.А.Якимованың әңгімесінен студенттер колледж кітапханасында кітаптарды тек қағаз түрінде ғана емес, электронды түрде де сақтайтынын білді. Электронды кітаптар жинағы үнемі жаңартылып отырады. Кітапханада үнемі тақырыптық іс-шаралар өткізіліп, түрлі көрмелер ұйымдастырылады. Студенттерге «Мен кітап оқуым керек пе?», «Оқы!» атты кітапшалар ұсынылды.

19.10.2023
Қаралым саны: 181
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области