Қарашаның 9-ы «Тайынша агробизнес колледжі» КММ «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Иван Сергеевич Тургеневтің туғанына 205 жыл толуына арналған «Барлық заманның дана жазушысы» атты онлайн викторинасы өтті. (1818–1883) – орыс жазушысы және ақыны, публицист және драматург, аудармашы. Тургеневтің шығармашылығына алты роман, көптеген повестер, мақалалар, пьесалар мен өлеңдер кіреді. Оның көптеген туындылары бірнеше рет түсірілген. Онлайн викторинаның мақсаты – 19 ғасырдағы орыс әдебиетінің классигі өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу.
17.11.2023
Қаралым саны: 155
Қаралым саны: 155