Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

2020 жылғы 9-20 қараша аралығында «қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтті.

Науқанның мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру. «Тайынша агробизнес коледжі»КММ студенттері бұл науқанға белсенді қатысты.

  1. «Біз өз проблемаларымыз туралы» сынып сағаты қоғамдағы зорлық-зомбылыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылау.
  2. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты қағаз плакаттар байқауы.
  3. Колледж және колледжімен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша талқылау,психологтар мен әлеуметтік педагогтардың ат салысуымен.
  4. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» кітап-тақырыптық көрме.
  5. «Колледж -қатыгездік пен зорлық–зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында үлестірме материал (буклет)
  6. Жасөспірімдің қауіпсіз жыныстық дамуы, дәріс-әңгіме арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  7. «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссе.

23.11.2020
Қаралым саны: 981
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области