«Киелі мекен»

«Киелі мекен» тақырыбымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші аптасы өтті.

20 сәуірде «Тайынша агробизнес колледжі» КММ студенттері қалалық «Достық» саябағындағы «Кеңес өкіметі үшін қаза тапқан жауынгерлер» монументінің аумағын тазалауға қатысты. Оқушылар жемісті еңбек етіп, ескерткіш аумағын ретке келтірді.

Бұл жай ғана аумақты ретке келтіру емес, оқушылардың ауызбіршілігіне септігін тигізетін және өз қаласына пайдалы іс жасауға мүмкіндік беретін бірлескен іс-әрекеті.

Ұқыптылыққа, табиғатқа, қоршаған ортаға құрметпен қарауға, қала тазалығын сақтауға тәрбиелейді.

Өз отандастарының патриоттық сезімін, тарихына деген мақтаныш сезімін дамытады.

23.04.2024
Қаралым саны: 77
coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области