Біздің колледж де шет қалмады!

Бірқатар өңірлерде көктемгі су тасқыны белсенді дамып жатыр, біздің облысымыз да бұдан тыс емес. Кейбір елді мекендер су тасқынынан зардап шекті – үйлерді су басып, тұтас ауылдарға электр қуатын беру тоқтатылды, жолдар жабылды, Петропавл қаласы ауыз сусыз қалды.

Өңірімізде қалыптасқан осындай қиын жағдайда халық ауызбіршілікке, бір-біріне көмектесуге тырысуда. Ал біз Тайынша колледжінің ұжымы да қалыс қала алмадық.

Ең қысқа мерзімде ең қажетті заттар жиналып, сатып алынды: матрацтар, жастықтар, төсек-орын, жеке гигиена құралдары және т.б.

Сәуірдің 17-сі Петропавл қаласына су тасқынынан зардап шеккен студенттердің отбасыларына көмек жеткізілді.

Гуманитарлық көмекті таратуды ұйымдастыруға көмектескені үшін Дина Қапезқызына, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін сатып алынған тауарларды жеңілдікпен бағалаған «Добро Цен» дүкеніне алғысымызды білдіреміз.

19.04.2024
Қаралым саны: 53
coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области