«Парасаттылық сағаты» тақырыбында сынып сағатын өткізу туралы есеп

Бүгін 2020 жылдың 1 қыркүйегінде «Тайынша агробизнес колледжі» КММ 185 студентке есігін айқара ашты.

Санитарлық нормалардың барлық талаптарын сақтай отырып, штаттық режимде 1 курс студенттері (76 студент), 2 және 3 курс студенттері (109 студент) қашықтықтан оқиды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Білім күніне орай «Парасаттылық сағаты» бірыңғай онлайн жалпы республикалық сынып сағаты өтті.

Іс–шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және маңызды адамгершілік құндылықтарды: адалдық, әділдік, парасаттылық пен сенімді сіңіру.

Бейне-дәрістерде студенттер «Даналық кітабында» жиналған ұлы ойшылдың — Диуани хикметтің адалдық пен әділдік, парасаттылық пен қарапайымдылық, мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын сөздерімен танысты.

01.09.2020
Қаралым саны: 1301
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области