1 қыркүйек! Білім күні!

«Тайынша агробизнес колледжі» КММ-нде барлық санитарлық-эпидемияға қарсы нормаларға сәйкес бірінші курстар студенттері үшін Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Д.Ташетов студенттерге құттықтау сөз жолдады, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Қасымова студенттерді қабылдау туралы бұйрықпен таныстырды.

Бітіруші топтардың шеберлері бірінші курс шеберлеріне «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандықтарының эмблемаларын символдық түрде табыс етті. Мамандықтың әрбір эмблемасы жұмысшы мамандығы мамандарының ең жақсы қасиеттерін бейнелейді.

Отанымыз тәуелсіздігінің 30 жылдығында ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін колледждің «Қайырымды жүрек» еріктілер қозғалысының жетекшісі Г. Нұрақай аудандық ішкі саясат бөлімінің грамотасымен марапатталды.

Барлық курс студенттері үшін «Тәуелсіздік жетістіктері» атты патриоттық, сынып сағаттары өткізілді.

01.09.2021
Қаралым саны: 665
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области