«Кітапханаға кітап сыйла»

Үйдегі оқылған кітап топтамалары сөрелерде , «зерігіп, тыныш қартайуы» жиі кездеседі. Бірақ көптеген кітаптарға екінші өмір сыйлауға болады. Жыл сайын Тайынша колледжінің кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтеді. Оған студенттер, оқытушылар және колледж қызметкерлері қатысады.

1 желтоқсанда колледжімізде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы басталды. Бұл акция бүгінгі күні өте өзекті, өйткені жоғары технологиялар мен теледидар дамығанның өзінде кітаппен бетпе-бет кездескенде тікелей оқуды ештеңе алмастыра алмайды.

Акцияның негізгі мақсаты – кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыру болып табылады.

Бұл кітап сыйлаушының ізгі ниеті,қайырымдылықтың белгісі! Алғашқы кітап сыйлаушы болып директордың өндірісте оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Смирнова Лариса Витальевна болды. Ол үй кітапханасынан 10 ғылыми-көпшілік кітапты сыйға тартты. Қызықты кітаптары үшін оған көп рахмет!

Акция жалғасуда! Колледж кітапханасы жаңа кітап сыйлықтарын күтеді!

21.12.2023
Қаралым саны: 217
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области