«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Таза өлке»деп аталатын 1-ші апта (13 сәуір)

Көктем тазалық пен тәртіпті қалпына келтіретін дәстүрлі мезгіл болса, сенбіліктер баршаны біріктіретін игі дәстүр. Бүгін, 13 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Тайынша агробизнес колледжі» КММ-де «Таза өлке» тақырыбында сенбілік өтті.

Ауданды абаттандыруға директор бастаған колледж ұжымы жиналды.

Барлығының ортақ маңызды істе өз ойын білдіру мүмкіндігі болды. Сенбілікке арнайы техника жұмылдырылып, акцияға қатысушылардың барлығына қолғаптар, сөмкелер, тырмалар және басқа да құралдар берілді. Сенбілікке қатысушылардың барлығы бірігіп, сынған ағаш бұтақтары мен жиналған қоқыстарды алып тастады, сонымен қатар оқу корпусы мен жатақхананың айналасын сыпырды.

Сенбілік — бұл аумақты көріктендіру және тазалау шарасы ғана емес, сонымен қатар әдемі әлемде өмір сүруге деген ұмтылысымызды көрсетудің тамаша тәсілі. Өйткені, адамда да, оның айналасында да тәртіп болуы керек.

19.04.2024
Қаралым саны: 85
coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области