2023 жылдың 11 мамырында «Тайынша агробизнес колледжі» КММ «Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ негізінде Петропавл қаласында өткен облыстық техникалық шығармашылық көрмесіне қатысты.
Конкурсқа келесі жұмыстар ұсынылды: әскери техника номинациясына 2 курс студенті Михальский Сергей ө/о шебері М.С. Сұлтановтың жетекшілігімен келесі экспонаттары: 1.Жүк әскери ровері, 2.3 орынға ие болған «Катюша» артиллериялық қондырғысы.
«Бізді таң қалдыр» өнертапқыштық жобасы номинациясына қатысқандар: 2 курс студенті Юлия Комарова -/о шебері Ю.С. Волкованың жетекшілігімен «Макарон букеті» экспонаты - 3 орын ие болды.
2 курс студенті Петрик Карина Г.К. Нұрақайдың жетекшілігімен «Шай композициясы» экспонаты 3 орынға ие болды.
1 курс студенті Янковская Дарья оқытушы О.В. Зинченконың жетекшілігімен экспонаты-колледж эмблемасы (жармадан жасалған мозаикалық панель) және 2 курс студенті Александр ө/о шебері К.К. Шаяхметовтың жетекшілігімен экспонаттары- «Барельеф» конкурсқа қатысқаны үшін дипломдар алды.
Қаралым саны: 269