Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекетік саясат басымдықтарының бірі әскери қызметтің беделін арттыру болып табылады, себебі Қарулы күштерді сапалы жасақтаудың басты шарты Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери міндетті орындауға дайындау болып табылады. Қазіргі таңда бұл дайындықтың жасөспірімдер үшін маңызы зор. Өскелең ұрпақ үшін бұл оқиға өмірдегі қысылтаяң жағдай сияқты көрінеді, сондықтан әскери қызметке тез бейімделуге белгілі бір психологиялық дайындық пен әскери істің негіздерін білу қажет.
2021 жылдың 12-18 мамыр аралығында Тайынша агробизнес колледжінің бірінші курс студенттері оқу-дала жиынын өткізуде Оқу – дала жиындарына дайындық кезінде алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы А.К.Нұракай студенттерге оқу дала жиыны бойынша толық нұсқаулық өткізіп, техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды.
Оқытушы А.К.Нұракай және медбике Л.В. Нежинская жетекшілігімен ұлдар мен қыздарға оқу бағдарламасы бойынша келесі мәселелерді талқылады:
- тақтикалық дайындық;
- радиациядық, химиялық және биологиялық қорғау;
- жалпы әскери жарғылар;
- саптық дайындық;
- әскери–медициналық дайындық;
- қауіпсіздік негіздері;
- атыс дайындығы;
- денешынықтыру дайындығы;
Қаралым саны: 692