Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі.
Еліміздің көп ұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді. Қазір елімізде жүргізіліп отыған салиқалы тіл саясаты толеранттық тілдік орта қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі болып саналады. Қазақстан 100-ден асатын ұлтқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Елімізде оннан астам этникалық топтың өз тілдерінде оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау орталықтары жұмыс істейді. Осы мерекеге орай өткізіліп отырған біздің колледждегі тағы бір іс-шара «Тілге құрмет – елге құрмет» атты поззия кеші. 11-топ студенттері ақын-жазушылардың тіл туралы өлеңдерін шеберлік пен жарыса оқып,ат салысты. Мерекелік кеш соңында кітапханашы А.А. Якимова «Тіл-халық жанының кіліті» арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, кітаптарға шолу жасап, кітапханаға шақырды.
Қаралым саны: 214