Ұлттық валюта-теңгенің туған күні!

Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі-оның ұлттық валютасы. Теңге-егемен Қазақстанның алғашқы ақша белгісі.

Біз үшін және еліміз үшін бұл айтулы оқиға –Ұлттық валюта-теңгенің туған күні!

1993 жылғы 12 қарашада 1Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы1 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Сол жылдың 15 қарашасында теңге алғаш рет айналымға енді. Бұл күн ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ РЕСМИ КҮНІ болып саналады.

Біздің колледжде ұлттық валюта күніне арналған тақырыптық сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері студенттерді оның пайда болу тарихымен таныстырып, ел экономикасындағы және әр адамның өміріндегі теңгенің рөлі мен маңызын анықтап, елдің экономикалық тәуелсіздігіне мақтаныш білдірді.

 

23.11.2023
Қаралым саны: 130
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области