26 қыркүйекте Тайынша агробизнес колледжінде қала оқушылары үшін жұмысшы кәсіптері жылы және Еңбек күні аясында «Адам еңбегімен даңқты» ашық есік күні өткізіледі!
Іс-шараға білім бөлімінен, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, әлеуметтік серіктестер шақырылып, құттықтау сөздер айтылды. Олар Тайынша ауданының әкімінің орынбасары Г.Қ. Батенова, педагогикалық еңбек ардагері кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде 35 жылдан астам жұмыс атқарған "Дәнекерлеу ісі" мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Савенко В.Г.
Ресми бөлім барысында мектептер мен колледж арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Практикалық бөлімде аспаздық және слесарлық іс бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.
26.09.2025
Қаралым саны: 69
Қаралым саны: 69