Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқы тәуелсіздік пен егемендікті аңсаған. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан сол аңсаған арман туындысы: Тәуелсіздікке апаратын жол күрделі де көп еңбекті талап етті.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің жолында ең жақсы қасиеттерін жоғалтып алмай басқа да ұлт өкілдерімен бірігіп, біртұтас болу қабілетінің, бейбітшілік, келісім және тату көршілікте өмір сүруге деген ұмтылысының арқасында, ондаған жылдардан кейін өзінің мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.
19 желтоқсанда колледжде Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында барлық топтарда 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Менің Тәуелсіз Қазақстаным" — атты сынып сағаттары өтті.
Топ жетекшілері тәуелсіздік алу тарихы туралы әңгімелеп,диалог жүргізіп Тәуелсіз Республиканың қиындықтары мен жетістіктерін еске түсірді, студенттердің зияткерлік деңгейін арттырды.
Қаралым саны: 194