2019 жылдың 25 қазанында Тайынша агробизнес колледжінде «Менің Туым, Менің Отаным» ұранымен патриоттық акция өткізілді

Акцияның мақсаты мемлекеттік туды тұрақты негізде қоғамдық орындарда, орта-арнайы мекемелерде орналастыруға негізделген. Колледж ауласында салтанатты музыканың ырғағымен ҚР Мемлекеттік туы көтерілді. Құттықтау сөзбен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары С.М. Бекшенов, сондай-ақ Тайынша агробизнес колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Ю.С. Волкова, жастар қоғамы атынан Иван Экштеин сөйледі.Қазақстан Республикасының туын көтеру құрметті құқығы партияның жас мүшесі: «Нұр Отан» партиясының мүшесі Стрелко Рудольф Викторовичке, сонымен қатар жастар комитетінің белсендісі, тамақтандыруды ұйымдастыру мамандандығы бойынша 2 курс студенті, 21 тобының старостасы Ғалия Байкеноваға берілді.

25.10.2019
Қаралым саны: 730
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области