«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде бүгінгі таңда саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде өмір сүруді жалғастыруда.

Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында колледжде тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Ақпанның 7-сі колледжде жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Фархат Жанатұлы Бексиитовпен кездесу өтті, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы әңгіме барысында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, жастар арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату түсіндірілді..

07.02.2024
Қаралым саны: 215
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области