Азаматтық қорғаныс — бұл Қазақстан Республикасының аумағында халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды әскери iс-қимылдарды жүргiзу кезiнде немесе олардың салдарынан туындайтын қауiптерден қорғауға дайындық жөнiндегi iс-шаралар жүйесi.
Жыл сайын 1 наурызда Бүкiләлемдiк Азаматтық қорғаныс күнi аталып өтедi Дүниежүзiлiк Азаматтық қорғаныс күнi 1990 жылы белгiленген, Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымына (ХАҚҰ) мүше елдерде — азаматтық қорғаныс туралы бiлiмдi насихаттау және ұлттық құтқару қызметтерiнiң беделiн көтеру мақсатында аталып өтедi.
Осыған байланысты 2020 жылғы 3 наурызда «Тайынша агробизнес колледжi» КММ «sabak.kz» сайтында интерактивтi сабақ өттi «Дүниежүзiлiк Азаматтық қорғаныс күнi» тақырыбында сабақ өте қызықты болды және оқушылардың қызығушылығын тудырды. Студенттер Дүниежүзiлiк Азаматтық қорғаныс күнiнiң құрылу тарихы туралы ақпарат алды.
Қаралым саны: 555