Біз туралы

Тайынша агробизнес колледжі

Білім сапасы-соңғы нәтижелердің ғана емес,
сонымен қатар соңғы нәтижеге әсер ететін барлық үдерісінің сапасы.

Тайынша агробизнес колледжінің тарихы 1959 жылдан бастау алады. 1959 ж. №1 бұйрығы негізінде № 130 Октябрь ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі ұйымдастырылды, содан кейін 1985 ж.Красноармейск қаласына ауысуына байланысты ол Красноармейск СПТУ-15 болып өзгертілді. 1995 жылдың 1 қыркүйегінде Көкшетау облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының және Көкшетау облыстық әкімшілігінің шешімі негізінде училище №15 кәсіптік-техникалық лицей болып қайта құрылды.Ұзақ жылдар бойы ол ауданда ауыл шаруашылығы үшін кадрлар даярлау бойынша жалғыз базалық оқу орны болды.Жарты ғасыр бойы осы училищеде үлкен өмірге жолдаманы мыңдаған түлек алды.

Тұңғыш директор болып Н.И. Крылов тағайындалды.Училищенің қызмет еткен жылдары болған директорлары: С.Ж. Жүнісбеков, А.М. Процко, И.Т. Червинский, И.К. Ғабдүллин, Э.Э. Гарвардт, В.А. Пасполита. Ұзақ жылдар бойы ПЛ-15-ті ҚР білім беру ісінің үздігі — Б.А. Жақыпова басқарды.

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін біздің оқу орнымызды ҚР білім беру ісінің үздігі — Д.Е. Ташетов басқаруда. 2016 жылы білім беру жүйесіндегі көп жылғы және адал еңбегі үшін Тәуелсіздік күніне арналған естелік медалімен марапатталды.

«Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 тамыздағы №228 қаулысына сәйкес «Тайынша ауданының №15 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі ҚР Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тайынша агробизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Осы жылдар ішінде оқу орны өзінің қажеттілігін дәлелдеді. Мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие болған: «Фермер шаруашылығы», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Ғимараттарды, құрылыстарды салу және пайдалану» және «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі.

Колледжде оқыту Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары, мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік негізінде жүргізіледі.

«Тайынша агробизнес колледжі» КММ 2014 жылдан бастап «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Фермер шаруашылығы» мамандықтары бойынша топтарда дуалды оқыту енгізілді.

Колледждегі оқу-өндірістік жұмысы кәсіби кадрларды даярлауда негізгі буын болып табылады. Оны директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Смирнова Лариса Витальевна басқарады.

Дуалды оқыту жүйесін енгізу үшін кәсіпорындармен кәсіби тәжірибеден өту туралы шарттар жасалды.

Бүгінде әлеуметтік әріптестік-бұл көптеген мәселелер бойынша екіжақты іскерлік ынтымақтастық.

Біздің әлеуметтік серіктестеріміз ауданның ірі агроқұрылымдары болып табылады, олар: «Тайынша» ЖШС, «ПлемзаводАлабота» ЖШС, «Астык STEM» ЖШС, «ТулпарТайынша» ЖШС, «Тайынша Агроном» ЖШС, «Ильич Тайынша» ЖШС, «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС, «Вишневское» ЖШС, «Әлжан» ШҚ, «Николюк Е.Н.» ЖК, «Казбекова Ж.М.» ЖК, «Жумабеков А.С.» ЖК, «Егимбаев С.З.» ЖК, «Стасов А.С.» ЖК.

Аталған кәсіпорындар жұмыс оқу жоспарларын құрастыруға қатысады, студенттерді жұмысқа орналастыру және практика өткізу үшін орындар береді. Жыл сайын бітіруші топтардың қорытынды аттестаттауын өткізуге қатысады.

Кәсіпорындарда арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өтуіміндетті түрде.

Дуалды оқыту элементтері бар топта жұмыс істейтін оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері Нұр-сұлтан қаласында, Беларусь Республикасында, Финляндияда, Германияда біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, теориялық және тәжірибелік оқыту мәселелері бойынша кеңестер мен семинарларға қатысады, бұл кадрларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді және колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне әкеледі.

2018-2019 оқу жылында колледжде модульдік-құзыреттілік тәсілі негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Модульдік оқыту принципі-теория мен тәжірибенің байланысы. Кәсіптік білім беруде оқу және еңбек қызметі өзара байланысты.Сондықтан арнайы пәндерді оқыту білім алушыларды өндірістік қызметке даярлауға және саналы түрде енгізуге бағытталуы маңызды.Таңдалған мамандық бойынша оқу барысында студент бірнеше жұмыс біліктілігін алады. Бұл одан әрі жұмысқа орналасуға көмектеседі.

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына» сәйкес колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.

Жыл сайын колледжіміздің студенттері «Мамандығы бойынша үздік» байқауына қатысады.

Жұмысшы мамандықтарға назар аудару және жоғары кәсіби стандарттарды дамытуға жағдай жасау — «WorldSkills» чемпионаты, ол «Жұмыс істейтін қолдар үшін Олимпиада» деп те аталады.

2016 жылдан бастап колледж «Құрғақ құрылыс және гипс-қатырма жұмыстары», «Тас қалау», «Дәнекерлеу ісі», «Аспаздық ісі», «Ауыл шаруашылық машиналарының жөндеуші-слесарі» құзыреттері бойынша «WorldSkillsKazakhstan» аймақтық чемпионатына белсенді қатысады.

Студент Рустем Закиров «Құрғақ құрылыс және гипс-қатырма жұмыстары» біліктілігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының облыстық чемпионатының бірнеше мәрте жеңімпазы атанды, Поздняков Алексей — «Құрылыс» құзырында 3 орын (өндірістік оқыту шебері Дидух Е.В.), Мишура Кирил — «Ауылшаруашылық машиналарының жөндеуші-слесарі» біліктілігі бойынша 3 орын (өндірістік оқыту шебері Бижанов Т.Б.)

Колледждің оқу ғимаратында 15 оқу кабинеті, 1 — зертханалық кабинеті, спорт залы, 100 орындық асхана, 10 000 данадан астам оқу кітап қоры бар кітапхана, штаттық медицина қызметкері бар медициналық кабинеті, әкімшілік кабинеттері.

Колледж аумағында 4 зертхана, 3 шеберхана, жобалық қуаты 100 орындық жатақхана ғимараты бар.

Агробизнес колледжіне бекітілген алқаптарда студенттер егін егіп, егін жинайды. Бұл олардың шебер тәлімгерлері — С.Б. Рәхімжанов, М.С. Сұлтанов, Т.Б. Бижанов А.Н. Жұмабаев, Е.Қ. Ермұхановтармен бірге жақсы кәсіби дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Соңғы бес жыл ішінде колледж айтарлықтай өзгерді. Осы кезеңде үлкен жұмыс атқарылды – студенттер жатақханасына күрделі жөндеу жүргізілді: шатырдың жабыны толығымен, терезе блоктары ауыстырылды, бөлмелер мен секцияларға жөндеу жүргізілді, су құбыры және кәріз жүйесі қалпына келтірілді, себезгі кабиналары жабдықталды, барлық жерде жаңа линолеум төселді, жаңа жиһаз сатып алынды.

Әр қабатта тамақ дайындауға арналған жабдықталған бөлмелер бар, кешкі уақытта теледидар көруге немесе қызығушылықтары бойынша уақыт өткізуге болатын реакреациялар бойынша демалыс аймағы тартады.

Жатақханада жылы және жайлы. Жатақхана меңгерушісі И.М. Медведевтің және комендант А.Б. Даулетбекованың басшылығымен жатақханада тәртіпті сақтауға көмектеседі.

Әкімшілік және оқу корпустарында да үй-жайларды жөндеу және абаттандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Әкімшілік корпусындағы шатырдың жабыны ауыстырылды, әкімшілік және бухгалтерия кабинеттері қайта құрылды, фойе заманауи және сәнді көрінеді. Колледждің барлық маңызды іс-шаралары өткізілетін мәжіліс залы толығымен қалпына келтірілді. Сахна жақсы көрінеді және залдағы жаңа креслолар өте ыңғайлы. Әкімшілік және оқу корпусындағы барлық терезе блоктары ауыстырылды. «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша арнайы пәндер кабинеттері мен тарих кабинеті қайта жабдықталды.

2015 жылы «Автомобиль ісі», «Дәнекерлеу ісі», «Слесарлық ісі» және «Құрылыс ісі» зертханалары жабдықталды. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» зертханасын қайта жабдықтау жоспарлауда.

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Дүйсембайқызы Қасымованың жетекшілігімен колледждің педагогикалық ұжымындағы оқу жұмысы — әкімшіліктің, педагогтардың, шеберлер мен студенттердің өзара іс-қимылының мақсатты процесі, оның барысында оқу-тәрбие қызметі жүзеге асырылады.

Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты оқу-тәрбие үдерісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, педагогикалық құрамның шығармашылық қызметі үшін, студенттердің таңдаған мамандықтары бойынша оқу пәндерінің бағдарламаларын табысты игеруі үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Педагогикалық ұжым өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруде.Педагогикалық құрамының 85% жоғары білімді. Колледжде 5 педагог жоғары санатты және 13 бірінші санатты.

Колледж оқытушылары авторлық оқу құралдарын, бақылау және тәжірибелік жұмыстарды, оқу пәндері бойынша тест тапсырмаларын — ағылшын тілінің оқытушысы Г.К. Садықова, информатика мұғалімі Л.В. Смирнова, «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының өндірістік оқыту шебері Е.К. Ермуханов шығарды.

Арнайы пәндер оқытушысы, Бондарь Ю.А. — «Үздік педагог» конкурсының қатысушысы, колледж оқушыларының теориялық білімдерін практикалық қолдану үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, оның нәтижесі бітіру емтихандарын табысты тапсыру болып табылады.

Біздің колледже тілдер онкүндігі аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Үш тілді білу — табысты өмірге жолдама» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының 8 колледжінен 15 студенттік баяндама ұсынылды.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында колледж қаланың мұражайларымен, қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізеді. Колледждің тәрбие жұмысы ізгілік пен патриотизм рухына өзектелген.

2020 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Біз біргеміз –Мы вместе!» Ұранымен өткізілетін еріктілер жылына арналған.Колледждің студенттері түрлі деңгейдегі көптеген еріктілер қозғалыстарына қатысты.

Болашақта колледж өзін үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру құрылымы ретінде еңбек нарығының заманауи сұраныстарына жауап беретін сапасын арттыруды қамтамасыз ететін бітірушілерді даярлау болып көрсетеді.

Осының барлығы кәсіптік-техникалық білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасына сәйкес Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде «Жасмаман» жобасы бастау алды.

«Жасмаман» жобасының мақсаты 100 аса қажетті мамандықтар бойынша 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Ол үшін әрбір өңірде конкурстық негізде бір базалық университет және 10 колледж анықталды. Тайынша агробизнес колледжі осы жобағақатысты.

«Жасмаман» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын болады, өз өңіріүшін мәлімделген мамандық бойынша құзырет тілік орталығына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарын ақатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.

2020 жылдың наурыз айынан бастап колледж "SOVA" ААЖ ақпараттық платформасы арқылы қашықтықтан оқыту нысанына ауысты.

Біздің колледждің ұжымы жаңа буынның жоғары білікті мамандарын дайындауда айтарлықтай елеулі жетістіктерге жету үшін көп жұмыс жасауы қажет.

Мақаланы құрған күні 22.10.2019 09:26

Мақаланы жаңартқан күні 29.12.2022 09:57

Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области