«Өнерлі - кондитер» шеберлік сабағы

Бүгінгі кездесуіміз аспаздық өнерге арналды, мұнда біздің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Кондитер-декоратор» біліктілігінің №21 топ студенттері «Трайфл» атты жаңа заманауи десерт көрсетті.

Трайфл – торт кесектерінен, алкогольге, кілегейге немесе кофеге малынған печеньелерден, жаңа піскен жемістер мен кілегей, балмұздақ қосылған дәстүрлі ағылшын десерті.

Трайфлы- қабаттары кезектесіп тұратын нәзік қабатты десерттер (сұйық торт). Олар әдетте арнайы десерттік стақандарда немесе шыныаяқтарда беріледі және мүмкіндігінше әдемі безендіріледі. Тағам кез келген мерекеге жарамды.

Өндірістік оқыту шебері Ю.С.Волкова жетекшілігімен топ студенттері Медвецкая Кристина, Голбек Ксения, Валентей Анастасия «Сникерс», «Красная бархат», «Банан-сүзбе» және «Орео пломбир балмұздағымен» атты трайфлдың 4 түрін көрсетті.

Десерт жасауды көрсету кезінде топтың басқа мүшелеріде десертті дайындауды үйренді.

Көрермендермен «Білім баспалдағы» ойыны ойналды.

Шеберлік сабағының соңында біз «Күн» рефлексиясын өткіздік, онда сабақтың барлық қатысушылары өздерінің күн сәулелерін плакатқа жапсырды, шеберлік сабағынан алған әсерлерімен бөлісті.

 

24.10.2023
Қаралым саны: 236
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области